Простатит — қуық асты безінің қабынуы — еркектердің жыныс мүшелерінің ең жиі кездесетін ауруы.

Дерт 30-дан асқан еркектерде пайда бола бастайды. Соңғы кездері простатиттін жасаруы байқалады.

Қуық асты безінің қабынуының себебі – инфекция және кіші жамбаста қан айналымының бұзылуы. Простатитке себепші болатын микробтар – стафилококк, стрептококк, ішек таяқшасы және жыныс жолымен берілетін инфекциялар – хламидия, микоплазма, трихомонада, гонорея.

Кіші жамбаста қан айналымының бұзылуына жол беретін факторлар:

  • дененің қатты суынуы;
  • ұзақ уақыт жыныстық қатынаста болмау;
  • аз қозғалыстағы өмір салты; мысалы, ұзақ уақыт отырып жұмыс істеу;
  • ішімдікке салыну.

Простатит жедел және созылмалы болып жіктеледі.

Қуықасты безінің қабынуы түрлі клиникалық белгілермен өтеді.

Простатит белгілері үш топқа бөлінеді:

  1. Іштін төменгі жағы, шаптар, бұтаралығы, артқы өтіс аумағы, жыныс мүшесінің бас жағы ауырсынады
  2. Несеп шығаруы жиілейді, ауырсынады, кейде қиындайды. Зәрге шыққан сон қуық толық босамаған сияқты сезіледі. Кейбір науқастарда нәжіс шығарғаннан кейін немесе зәрге шығу соңында үрпіден простата сөлінің бөлінетіні байқалады.
  3. Жыныстық белсенділігі төмендейді, эрекция әлсізденеді, ұрық шапшаң шығып кетеді, жыныстық құмартуы төмендейді.

 

Бұл симптомдардың қатар жүріп, бір уақытта байқалуы міндетті емес. Аурудың клиникалық көрінісі аса өзгерімпаз келеді.

 

Созылмалы простатит бедеулік себептерінің бірі болатыны белгілі. Сауатты ем болмағанда, шамамен науқастардын 40 пайызында бедеулік дамуының қауіпі бар. Простата бөліп шығаратын сөлі ұрық сұйығымен араласып, сперматозоидтардын белсенділігін және олардың әр түрлі жағымыз жағдайларға тұрақтылығын арттырады, жылжымалылығын қамтамасыз етеді. Қуық асты безі қабынғанда, ол жеткілікті көлемде сапалы секрет бөліп шығара алмайды.

 

Простатит диагнозын анықтау үшін, ер адамға зерттеудін негізгі үш түрін қолданады.  

Біріншіден, простатаны тік ішек арқылы саусақпен тексеріледі. Осы зерттеу кезінде қуықасты безінің көлемі ұлғайғаңын, бездін нығыздалғаңын, басқанда ауыратынын байқауға болады.

Екіншіден, қуық асты безі бөліп шығаратын сөліні микроскоп аркылы тексереді.

Үшіншіден, қуық асты безіне ультрадыбыстық зерттеу өткізіледі.

Осы зерттеудің нәтижелері бойынша созылмалы простатиттің бар-жоғын дәлелдеуге болады.

Созылмалы простатитке жалпы шынықтыратын және антибактериялық ем қолданады. Дәрімен емдеуді жергілікті физиотерапиялық емдеумен ұштастыру керек. Ол қуық асты безіне массаж, лазер, магнит, диатермия сияқты физиотерапия емінін түрлері. Жергілікті емнін әсерлі түрі — балшыкты тампон. Балшықпен емдеуді Моялды курортында қабылдауға болады.

Аурудын алдын алатын шаралар:

  • Салауатты өмір салтын ұстанып, дене шынықтыруымен айналысу керек.
  • Дененін қатты суынуынан сақтану қажет
  • Тұрақты жыныстық қатынаста болу керек. Аптасына кемінде екі рет жыныстық қатынасқа түскен дұрыс. Ұрық уақытылы сыртқа шығып тұрмаса, қуықасты безінде іркіліс болады. Оның салдарынан қуықасты безі қабынып, простатит ауруы пайда болады.
  • Жыныс жолымен берілетін аурулардан сақтану керек.
  • Жыныс жүйесі ауруларын емдейтін дәрігерге, яғни андролог немесе уролог дәргеріне, жылына кем дегенде бір рет қаралып тұру қажет.

Дәрігер уролог-андролог Мукашев Кайрат Тулеусеитович